$ 458.28 € 501.45 ₽ 5.59

«Генералдай күтіп алды»: Бадықованы салтанатпен қарсы алған төтенше жағдай қызметкерлері сынға қалды

Видео «Соңыра» фильмінің Instagram парақшасында жарияланған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алған Жамбыл облысының ТЖД-сы сынға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен «Соңыра» фильмінің түсірілім тобын салтанатты түрде қарсы алды. Әлеуметтік желіде тараған видео сынға ұшыраған соң, департамент іс-шараның мақсатын түсіндірді,

Видео «Соңыра» фильмінің Instagram парақшасында жарияланған. Кадрлардан қызметтік киімдегі мамандар мен арнайы техниканы көруге болады. Желі қолданушылары шығармашылық топты неге мұндай салтанатпен қарсы алғанын сұрады.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі іс-шара құтқарушылардың жұмысын таныстыру мақсатында өткізілгенін мәлімдеді.

“Аталған іс-шараның өткізілуі тек өкілдік және ұйымдастырушылық сипатқа ие болды. Оның негізгі мақсаты – құтқарушылар қызметін кеңінен насихаттау және олардың қоғамдағы беделін арттыру. Қызметкерлердің іс-шараға қатысуы бөлімшелердің жедел әзірлігіне ешқандай кері әсерін тигізген жоқ. Жеке құрам мен арнайы техника негізгі қызметтік міндеттерді орындаудан алаңдатылған жоқ”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0