$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

«Енді ақыл сұрап, сырласа алмаймын»: «Кешью» тобының бұрынғы солисі қара жамылды

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Нейрохирург Ғали Бабашевич Аринов 76 жасында өмірден өтті. Марқұмның қызы, "Кешью" тобының экс солисі Анель Аринова бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Енді қасыңда бұрынғыдай болмайтыныңды түсіну қорқынышты… Саған қоңырау шалып, даусыңды естіп, жаңалықтармен бөлісіп, ақыл сұрап, сырласа алмайтынымды түсіну қиын. Әке, мен бұған үйрене алмайтынымды білемін… Енді бәрі басқаша болады.
Барлығы үшін рақмет, папа. Өмірің, махаббатың және артыңда қалдырғаның үшін. Сені жақсы көремін және әрдайым жақсы көре беремін», – деп жазды қызы.

Жазбадағы мәліметке қарағанда, Ғали Аринов 1950 жылғы 3 қарашада дүниеге келген. Ол 2026 жылғы 24 қарашада қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0