Танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова әлі еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін әлеуметтік желіге жүктеді.
"Ұмытылмас сəттерім (Аллаға шүкір). Мои не забываемые моменты. Как же летит время..." - деп жазған Жұлдыз аталған суреттердің тұсына. Суретке Қайрат пен Жұлдыз Астанадағы Бәйтерек монументінде жаңадан отау құрған сәтте түскен.
Айта кетейік, ерлі-зайыптылардың үш баласы бар. Десе де, Қайраттың өзі отбасы туралы өте аз айтады. Шоу-бизнес әлеміндегі сарапшылар әншінің бұл қадамын маркетингпен байланыстырады.
Жұлдыз болса Қайратпен "Арман" бейнеклипінің кастингі кезінде танысқанын айтқан болатын. Ол жан жарын қызғанбайтынын, өнерге құрметпен қарайтынын да жасырған жоқ.