$ 449.58  486.94  4.86

Назарбаев Димаш Құдайбергенге батасын берді

Бүгін Астанада басталған Қазақстан халқы ассамблеясы сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев танымал әнші Димаш Құдайбергенге ақ батасын бергенін айтты.

"Димаш Құдайберген деген баламызды батамды беру үшін қабылдап, кездестім де, сіздерге сәл кешігіп қалдым. Батамды бере отырып, қазақ деген халық өте жақсы көргеннен құшағына қысып өлтіріп жіберуі мүмкін, содан байқа дедім. Жақсы бала, елімізді танытты. Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген тектердің, аттардың бірі. Мен оны құттықтап, денсаулығы мен талантын, адами қасиетін сақтау қажеттігін айттым", - деді ел Президенті.

Айта кетейік, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасының қатысуымен ҚХА-ның XXV сессиясы өтіп жатыр. Оған еліміздің әр аймағынан келген 1,5 мыңнан аса адам қатысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары