$ 449.58  486.94  4.86

Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнеклипі жарық көрді (ВИДЕО)

Бүгін қазақтан шыққан талантты әншілердің бірі Батырхан Шүкеновтің өмірден өткеніне тура екі жыл. Марқұмды еске алған әріптестері оның соңғы айтқан әніне бейнеклип түсіріп, Алматыда оның тұсауын кесті деп жазады Tengrinews.kz. Жаңа туынды "Нас исцеляет любовь" деп аталады.

Бұл әнге бейнеклип түсіруді Батырхан 2014 жылы бастаған екен. Алайда, кенеттен қайтыс болып, жұмысы аяқсыз қалған. Енді араға үш жыл салып басталған істі әншінің әріптестері соңына жеткізді. "Батырхан Шүкенов атындағы қор" өкілдерінің айтуынша, жаңа бейнеклип Батырханның 55 жылдық мерейтойына арналыпты.

Әннің авторы - сазгер Әлім Зайыров. Ал, сөзін Юлия Тен жазған.

2014 жылы Батырхан бұл әнді ұнатып, өзінің студиясында жазып үлгеріпті. Алайда, аранжировка жұмыстары тым ұзаққа созылып кеткен. Ақырында әнші өмірден өтіп, бейнеклип сол күйі түсірілмей қалды. Ал, бұл жұмысты соңына Әлім Зайыров жеткізіп отыр. Бейнеклипте ол Шүкеновтің көзі тірісінде түсірілген бейнекадрларды пайдаланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары