$ 448.15  483.46  4.86

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 44-ші концерттік маусымын қорытындылады

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 44-ші концерттік маусымының жапты. Аталған концерттік бағдарлама «Алаш қозғалысының» 100 жылдығына арналып, «Әнім  менің - Алашым» деген айдармен өтіп отыр.

Маусымның жабылуына 21 нөмірден құралған концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылған. Бағдарлама шымылдығын тарихтан сыр шертетін театрландырылған көрініспен ашылды.

Концерттік бағдарламаға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Әбдуәлиев қатысты. Ол өз сөзінде «облыстық филаромония - өңір мәдениетінің өзегі», - деп баға берді.

Сүйінбай атындағы облыстық филармония қырық жылдан аса облыстың мәдени іс-шараларының басы-қасында жүрген үлкен ұжым. Жыл сайын бағдарламасы толығып, ұжымдық сапа да жақсарып келеді. Тек облыс көлемінде ғана емес, республика мен халықаралық деңгейде де кез-келген концерттік бағдарламаны алып шыға алатын қара шаңыраққа алғысым шексіз» - деді басқарма басшысы.

Концерттік бағдарлама барысында дәстүрлі ән орындаушылары Бейбіт Мұсаев, Эльмира Дәуренбекова, Сая Есенгелдинова, Құралай Шаяхметова, Төлеутай Серіков, Кенжекей Ақжолованың орындауындағы ән шашуы көрермендердің көңілінен шықты.

Сонымен қатар, «Сазген», «Адырна», ФЭ ансамбльдері, М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, эстрада-үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада, классика жанрындағы әншілер де өз өнерлерін өнерсүйер қауымға тарту етті. «Алтынай» МХБ ансамблінің орындауындағы «Талды  арулар», «Дивертисмент», «Халықтар  достығы» сынды би мен би қойылымдары да көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, Сүйінбай атындағы облыстық филармония аймақтың мәдениет саласындағы ең үлкен ұжымдардың бірі. Ұжымда 191 адам жұмыс істейді. Өнерпаздар арасында 4 ҚР еңбек сіңірген әртісі, 2 ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 20-ға жуық ҚР Мәдениет қайраткері бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары