$ 449.58  486.94  4.86

Димаш орындаған әннің бейнебаяны жарыққа шықты

Қытайдың Tencent видео-порталында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Moonlight Blade» атты онлайн-ойынына жазған саундтрегінің бейнебаяны жарық көрді деп жазады ҚазАқпарат.

«Уақыт-теңіз» (时光•沧海) әнінің аранжировкасын «Жауыздық мекені» («Обитель зла»), «Титаник» және «Жұлдыздар шайқасы» («Звездные войны») голливуд фильмдерінің саундтрегін жазған музыканттар жасаған.

Айта кетейік, «Moonlight Blade» -  қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы онлайн интернет-ойыны. Ойын мазмұны қытайлық жазушы Сюн Яухуаның шығармалар желісінің төртінші бөлімі негізінде құралған.

Еске сала кетейік, Димаш Қытайдағы «Singer 2017» байқауына қатысып, әлемдік танымалдылыққа ие болғаннан кейін, қытайлық «Battle of Memories» және голливудтық «Power Rangers» фильмдерінің саундтрегін орындаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары