$ 498.34  519.72  4.85

Алматы жұрты Дулат Исабековтің 75 жылдық мерейтойын атап өтті

Қазақтың белгілі жазушысы, драматург Дулат Исабеков 75 жасқа толды. Алматыда өткен қаламгердің шығармашылық кешіне зиялы қауым өкілдері мен әдебиетсүйер халық жиналды.

Жазушының алғашқы туындылары 1963 жылы жарық көрген. Талай жинақтар мен повестердің авторы. Қаламгердің «Әпке», «Мұрагерлер» сияқты пьесалары еліміздің театрларында сахналанып, көрермендер көзайымына айналды. Ал, қазақ киносына қосқан үлесі тағы бар. Еліміздің мемлекеттік, тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері. Жазушының мерейтойы қарсаңында қысқа әңгімелері топтастырылған екі жинақ жарық көріп, «Аққу-Жібек» пьесасы лондонда ағылшын тілінде сахналанған.

«Бәріміздің рухымызды біріктіретін ол не? Ол әдебиет пен мәдениет. Осы әдебиет пен мәдениетке сіздер көбірек көңіл бөлсеңіздер, елде не болып жатыр, көрсеңіздер, оқысаңыздар, көңілге тоқысаңыздар, сөйтіп соның қадіріне жете білсеңіздер біз мәдениетті ел боламыз»,-деді Жазушы, драматург, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Дулат ИСАБЕКОВ.

Дулат Исабеков – жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ол 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданының «Ленин жолы» ауылында дүниеге келген.

Алғашқы әңгімесі "Жолда", "Замандастар" атты жинақта 1963 жылы жарияланды. "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" (1980) романы басылды.

Тандаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабектің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары "Жеті желкен" 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын¬ша "Гауһар тас" (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары