Үш күннен бері халқымыз Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін жер жерде дүркіретіп тойлатып жатыр. Жақсы мен жайсан жиналатын бұл шарада естеліктің шыжығы да қызығы да бар. Солардың бірі – Көкшетаудағы жылқының биі.
Кадрда жануар қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаға» асыр салып билейді. Желіде киелі малдың өнеріне жұрт таң қалып, ерекше қошемет көрсетіп жатыр.