$ 443.37  474.49  4.83

Қайрат Нұртас 10 жыл бойы отбасын не үшін жасырып келгенін өлең жолдарымен жеткізді

Қазақстан эстрадасының ең жарық жұлдыздарының бірі, әнші Қайрат Нұртас өз отбасын он жыл бойы жұрт назарынан не үшін тасада ұстап келгенін өлең шумақтарымен жеткізді. 

Айта кетейік, танымал әнші өзінің жарын тек былтыр ғана көпшіліктің алдына шығарып таныстырып, көркем фильмнің басты роліне түсірген болатын. Ал, 4 баласын ол осы жуырда ғана өзімен бірге сахнаға алып шықты. Ал, осынша уақыт бойы отбасын неліктен жасырып келгенін Қайрат өзінің Instagram-парақшасына өлең жолдарымен жазып қалдырды.

Он жыл бойы отбасымды жасырып қарағаным,
Сол отбасымның тыныштығын қалағаным.
Он жыл бойы әйелімді жасырып келгенім,
Өз-өзіме сенгенім...
Көпшілікке көрсетпей,
Өзім ғана көргенім ....
Он жыл бойы бала-шағамды жасырғаным,
Олар менің қымбат қазынам, асылдарым...
Ал қазағым, қара орман, жасыл бағым,
Бәрі сіздер үшін, барымды жасырмай көрсетіп, бүгін ашылғаным.... Бәрі Сіздер үшін!

Қайраттың бұл тапқырлығына әлеуметтік желідегі оқырмандары разылығын білдіріп, отбасының саулығын тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары