$ 449.58  486.94  4.86

Еркексің бе, жоқ па? Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуіне ызалы

Алтынай Жорабаева шаңырағының шайқалғандығы жайлы қымсынбай айта беретін болған. Осы жолы да айтты.

Ажырасқанына үш жыл болғаннан соң бірақ халыққа айтқан Жорабаева бүгінде қыздарының әкесі балаларымен қауыша бермейтіндігін айтты НТК арнасына берген сұқбатында.

“Қыздарға уже бір жылдан асады көрмегендеріне. Келіп, хабарласып, өздері бір жаққа барамыз деп тұрса, мен ешқашан қарсы болған емеспін. Керісінше, біз өзіміз қайта-қайта іздемейміз ғой. Олар өздері келіп іздемесе, қалай?

Ер адам емес пе? Мен қыздарды көшеден тауып алған жоқпын”, – дейді Алтынай Жорабаева.

Отбасылық проблемасын дүйім жұртқа жариялағысы келмеген Алтынай үш жыл осы сырмен шыдап келгендігін айтады.

"Мен оның барлығын айтпауыма да болатын еді. Өйткені, көп адам сол сұраққа келе бергеннен кейін «Иә, ажырасқаным рас!», – деп айттым да енді. Өйткені, үш жылға жақындап қалды. Мен оны басталғанда айтсам, баяғыда білетін еді”, – дейді Алтынай.

Іштей Сәбитке деген ашуы бар болғанымен, сырттай жаман қылықтарын жария етпеуге тырысады әнші. Өйткені: “Қыздарымның әкесі ғой қандай болса да, аман болсын! Ол да үлкен қызметте жасап отыр, жұмыс істеп отыр. Оның қызметіне зиянымыз тимеу керек бір жағынан”, – дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында әйгілі әнші Алтынай Жорабаева төрт баласының әкесі Сәбит Әбдіқалықовпен ажырасқандығын мәлімдеген болатын. Қазірде Әбдіқалықов Алматыда, ал Жорабаева Астана қаласында тұрып жатыр.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары