Дәулет Тұрлыхановтың ұлы youtube видео-порталынан жарыққа шығатын «Өз ойым» бағарламасына тікелей байланысқа шығып, сүйіктісінен кешірім сұрады.
Ерасыл Тұрлыханов осыдан 1 апта бұрын қызын ренжітіп қойыпты.
«Дильбара Әубәкірова есімді сүйікті қызым бар. Оны бір апта бұрын ренжітіп алдым. Сол үшін қатты өкінем. Бағдарламаны пайдаланып, Дильбарадан кешірім сұрағым келеді. Оны қатты жақсы көрем. Оны қатты сағынып жүрмін», – деді ол.
Алайда студия қонақтарының арасында қыз алдында кішірейген жігітті сынға алғандар да болды.
Ал Ләйлә Сұлтанқызы болса, Ерасылдың қызына қоңырау шалып, оны да байланысқа қосты. Қыз бен жігіттің татуласқанынуына көпшілік қолдау көрсетіп, қошеметтеді.