$ 491.7  531.28  5.07

Ерке Есмахан ұлы Мүсілімге жақсы мектеп іздеп жүр

Ерке Есмаханның жалғыз ұлы Мүсілім биыл 6 жаста. Алдағы қыркүйекте мектепке дейінгі даярлық сыныбына қабылданатын ұлын анасы уайымдап жүргенге ұқсайды, әнші оны қай мектепке сеніп тапсырсам деп ойланып жүр.

«Мүсілім биыл 6-да! Ақылы толып, анасының қасында тек қыдырып жүрмейді, анасымен сырласады, көмектеседі. Достары көп. Шетелге әр сапарында өзіне жаңа қызығушылықтар тауып жатыр.
Мүсілімнің бақытты балалығы үшін барымды салып жүрмін. Биыл 0-сыныпқа барады. Алла қаласа, мектеппен бірге спорт сағаттары, үйірмелер басталады.

Ұлыма 7 жасына дейін жер жүзінің әр бұрышын көрсетуге тырыстым. Шетелге саяxат демалыс қана емес, баланың ой-өрісін кеңейтеді.
Мүсілімге қатысты арманым көп. Мектепке дұрыс таңдау жасалу қажет. Астана немесе Алматы, Ақтөбе қалаларынан сапалы білім мен қазақы тәрбие беретін жақсы мектеп тапсам екен. Саналы, дені сау ұрпақты нәсіп етсін Жаратқан!», – деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Айта кетейік, Ерке Есмахан журналист Асхат Садырбаймен некеде болған. Араларында Мүсілім атты ұлдары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары