Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева қазақстандық ер азаматтарды қорқақ деп есептейді. Оның ойлауынша, қазақтың жігіттері көп әйел алуға қауқарсыз, әлі дайын емес екен. Бұл туралы әнші «Время» газетіне берген сұхбатында әңгімелеген.
Актриса бәйбішеден тоқалын тығып ұстайтын еркекке төртінші әйел болып тұрмысқа шығудың қажеті жоқ екенін айтады.
«Біздің еркектер көп әйел алудан қорқады. Оған әлі дайын емес. Еркектер "менің үш әйелім бар" деп мақтанып жатады. Ал, шындығында барлығын әйелінен жасырып істейді. Өз әйелі күйеунің тоқалдары барынан бейхабар болып шығады. Мен таныстарымды көріп жүрмін. Тоқалдар көзге түсіп қалмас үшін ешкім көрмесін деп тығылып жүреді. Мен осыны түсінбеймін. Тоқал болып күйеуге шығудың қажеті не? Егер ол еркек сені өз әйелі мен балаларымен таныстыра алмаса? Қыздардың қалай тоқал болуға келісетіндерін түсінбеймін», – дейді Айгүл Иманбаева.
Онымен қоса, актриса өзінің ешкімге тоқал болмайтынын және ақша үшін үлкен жастағы еркекпен отбасын құрмайтыны туралы да айта кетті.