#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Алдымен әйелді сыйлауды үйреніп алыңдар»: Баян Алагөзова қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын қорғап шықты

Осымен бірнеше күн бойы қазақ қоғамы қытайлыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызының өмірін талқылап жатыр. Ұзатудан түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап, жұрттың ашуын туғызған болатын. Ал, қоғамда қалыптасқан ұстанымдарға үнемі қарсы шығып жүретін танымал продюсер Баян Алагөзова болса бойжеткен дұрыс жасады деп отыр.

Қазақ жастарын махаббат жолында «құрбан» болуға үгіттеп жүрген Баянның өзі кезінде махаббаты үшін күйеуінің көзіне шөп салып, бір өлімнен аман қалған болатын. Енді ол «махаббат ұлтқа қарамайды» деген ұстанымда.

«Қазақ жігіттері біздің қыздардың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы екен. Олардың біреудің өміріне араласқандарына қарап жағамды ұстадым. Мұндай некеге қарсы болғандар махаббатты түсінбейтін адамдар. Махаббат ұлтқа қарамайды. Мен өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға қарсы емеспін және қолдап та тұрған жоқпын. Бірақ маған махаббат маңызды. Махаббат ғана әйелді бақытты етеді. Ол сол сүйген адамынан ғана бала сүйгісі келеді. Дамыған елдерде біреудің өміріне араласу, ол санасыздықты білдіреді. Біз қашанға дейін қазақ жігіттерінің осындай қылықтарына төзе бермекшіміз? Қыздарымыз күйеугуе тию үшін еркектерден рұқсат сұрауы керек пе? Егер қазақ қыздары тек өздеріңе тұрмысқа шықсын десеңдер, онда алдымен әйелді сыйлай білуді үйреніп алыңдар. Біз дамыған мемлекетте тұрамыз дейміз. Бірақ, бізде тек еркектер ғана тәуелсіз. Оларға бірнеше әйел алуға рұқсат. Әйелге қол да көтере алады. Ары қарай жалғастыра берсе көп. Осыған қарап қорқамын», – дейді Баян өзінің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, продюсер болашақта өзінің қызы да өзге ұлт азаматын сүйіп жатса, онда оған еш қарсы болмайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары