$ 448.56  478.03  4.79

Алматыда «Інжу-Маржан» атты дәстүрлі музыка кеші өтті

Астанаға тарту! Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында Алматыдағы  «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Інжу-Маржан» атты дәстүрлі музыка кеші өтті.

Концертті тамашалауға жиылған жұртшылық дәстүрлі өнер шаңырағында Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ұлжан Байбосынова, Айгүл Қосанова, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Нұржан Жанпейісов, Ерболат Шалдыбеков, Дәуренбек Әркенов, Шолпан Дәржанова, Нұркен Әшіров, Оспан Құлсымақ, Сәулежан Тағзия және т.б. белгілі дәстүрлі өнер қайраткерлері мен «Сазген сазы» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің орындауындағы көнеден жеткен жауһар жырды, әсем ән мен тәтті күйді тыңдап, құлақ құрышын қандырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары