$ 448.56  478.03  4.79

Қайрат Нұртас анасына қымбат маркалы көлік сыйлады

Белгілі әнші Қайрат Нұртас анасы Гүлзира Айдарбековаға қымбат көлік сыйлап, қуантты. Сыйлық алғаны туралы продюсер мақтанышпен өз Instagram-парақшасында жазды.

«Қайратымның сыйы ғой. Ес білгелі құшағымды гүлге орап еді, мінекей көлігімнің нөмірінде де сол гүл. Осындай көрегенді етіп, тәрбие берген өмірлік жарым, папасы Нұрекеңе мың алғыс! Алла өмір жасын ұзақ етіп, абыройынан айырмасын! Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат Нұртас анасына Lexus NX 200t маркалы көлігін сыйға тарту еткен. Автокөліктің «777 GUL» деген нөмірін әнші арнайы тапсырыспен жасатқан сыңайлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары