Эстрада әншісі Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали ел қатарлы Қазақ қатынас жолдары университетін тәмәмдады. Ел қатарлы дейміз-ау. Жұрт бұндай мүмкіндікке 4 жылда қол жеткізсе, әнші 6 жылда әрең дегенде, ілініп-салынып жүріп дипломын алып үлгерді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.
"Әйтеуір университетті бітірдім-ау. Мен сияқты сабаққа қатыспайтын студент болмаңдар. Жүресіңдер сосын мен сияқты 6 жыл оқып. Айтпақшы, магистратураға тапсырып қойдым", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Жұлдыз Өмірғалидің Айқын Төлепбергенмен ортақ некелерінен 1 бала бар. Бірақ екеуі де бұл жайлы ашып ештеңе айтпайды.