Танымал продюсер Баян Алагөзова өзін «жасандысың» деп сынайтындарға жауап берді. Көпшілік оны бетіне ота жасатты деп ойлайды екен.
«Менен пластикалық операция жасатқансыз ба деп жиі сұрайды. Жоқ, ешқандай да отаға түскен жоқпын. Өкінішке қарай, екі жыл бұрынғы оқиғадан соң бетімді түзетуіме тура келді. Бұрынғы келбетімді қалпына келтіруім үшін мұрныма пластика жасатуым қажет. Тек мұрныма ғана емес. Қазір басқашамын, сол кезде ота жасатпағаным мені біраз қынжылтады. Сондықтан маған «Сіз басқасыз, жасандысыз» деп жазудың қажеті жоқ. Сіздерге менің көргенімді бермесін», – деп жазды Баян өз Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, 44 жастағы продюсер өзін 20 жастағы қыздармен теңестірді. Олардың қасында ұялмастан басын көтеріп тұра алатынын жеткізген Баян, өзінің әлі де болса әрін жоғалтпағанын айтып мақтанды. Еске салсақ, екі жыл бұрын Баян Алагөзованы бірінші күйеуі көзіне шөп салғаны үшін әуежайдан келе жатқан жолда пышақтап, әбден соққыға жыққан болатын. Сол оқиғадан кейін продюсер бет-әлпетін бұрынғы қалпына келтіру үшін біраз ем алды.