$ 498.34  519.72  4.85

Енді су ішінде: Отта сүйіскен Тәуекел мен Жанардың тағы бір бейнебаяны шықты (ВИДЕО)

Жақында ғана көңіл көтеру кештерінің бірінде Жанар Дұғалованың жанына жақындаған жігітке жұдырық ала жүгірген Тәуекелдің видеосы желіге таралып кеткен болатын. Сол сәттің осы бір бейнебаяннан үзінді екені енді ғана белгілі болды.

«Сүйем - Жек көрем» деп аталатын бұл бейнебаян «Ала кетпедің» туындысының жалғасы ретінде түсірілген.

Дұғалова мұнда да шынайы махаббатты ашып көрсетуге барынша тырысыпты. Мұнысы тыңдармандарына да ұнаса керек, клипті 1 күн ішінде 150 мыңнан астам адам тамашалап үлгеріпті.

Айта кетейік, Жанар Дұғалова мен Тәуекел Мүсілім былтыр «Ала кетпедің» деген әнге бейнебаян түсірген еді. Олардың от ішіндегі сүйісі біраз уақытқа дейін көптің қызу талқылауында болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары