$ 494.87  520.65  4.91

Димаш Құдайбергенов: «Кешір бізді досым!»

Танымал әнші Димаш Құдайберген кеше қаза тапқан даңқты спортшы Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді. Олар жақын дос болған екен.

«Осындай қайғылы пост жазамын деп еш уақытта ойламадым. Бұған сене алар емеспін. Денис, досым, бауырым. Біз сені қатты сағынатын боламыз. Достығың үшін рахмет саған, Джеки! Сен ұлы адамсың! Сен аңыз болып қалдың! Жарық дүниеден ерте кеткенің қандай өкінішті... Мен әрқашанда сенің талантыңа бас иемін, өзіңді қатты сағынатын боламын. Екеуміздің соңғы сөйлескен әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын. Сен еліміздің батыр азаматысың!», – деп жазды Димаш өз Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, әнші Дениспен бірге түскен суретін желіге жариялап, өткен күндер естелігімен бөлісті. Қайғыдан жүрегі қарс айрылған Димаш жақын досына өлең сөздерін де арнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары