Көптің көңілінен шығу әсте қиын. Әр адамның таным-түсінігі, пікірі әр қилы. Купальник кисе, кеудесі ашық дейтіндер, үсті-басын қымтап алған Нұржан Керменбаевтың әйелін «шеттен шықты» деп сөгіп жатыр.
«Кеше телефонымызды суға саламыз деп дыбысын біраз уақытқа жоғалтып алдық. Кебу үшін 5-6 сағат қажет болды», - деп жазды Керменбаев желдідегі парақшасына.
Ал көпшілік суға қымтанып түскен келіншекті түсінбей дал.
«Бояушы дегенге сақалын баяпты» демекші, мыналар құтырып, қуып кетті ғой алаңсыз», «Осы әншілер ақ есіреді де жүреді білгенін істеп», «Адам сияқты купальник киіп түспей ме? Неше түрлі жабықтаулары бар ғой», - деп жазды олар.