08.08.2018, 05:53

«Мария Магдалена» әнінің әншісі өзін жас қызға үйленді деп сөккендерге жауап берді

Белгілі әнші Асхат Тарғын өзін жас қызға үйленді деп сөккендерге жауап берді. Екінші рет үйленген ол Алматы қаласында дүркіретіп той жасағанда көпшілік оны сынға алған болатын.

«Әлеуметтік желілердегі пікірлерге алғашында ашуланатынмын. Кейінгі кезде басымды ауыртпаймын. Олар менің басымдағы жағдайды көрген жоқ. Өмірімді аса білгісі келгендер болса, жауап беремін», – деді Асхат Тарғын «Ойбай LIVE» интернет-жобасына берген сұхбатында.

Асхат Тарғын өткен жылы өзінен он екі жас кіші бойжеткенге үйленген болатын. Әншінің бірінші некесінен бір қызы бар.