$ 481.84  531.33  5.07

Альбинаның маған ән арнайтынын білген жоқпын – Бауыржан Сатов (ВИДЕО)

Жуырда шаңырақ көтерген актер Бауыржан Сатов пен әнші Альбина Шардарованың тойы халық арасында қызу талқыға түсті. Ал той кезінде Альбинаның жарына арнап айтқан әні әп сәтте хитке айналып шыға келді. Бүгінде жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар аталған әнді өз тойларында орындап жүрген де көрінеді деп жазады Stan.kz.

Сүйген жарына ән арнау туралы идея Альбинаның ойына тойға аз уақыт қалғанда келген. Бұл туралы Шардарова «Қазақстан» арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында айтты.

«Естелік болып қалады, сондықтан неге ән арнамасқа деп ойладым», – дейді Альбина.

Ал Бауыржан Сатов тойының сценарийін бастан-аяқ өзі жазса да, сүйіктісінің бұл тосын-сыйынан хабарсыз болған. Сондықтан оны қалай қабылдарын да білмеген.

«Мен үшін бұл күтпеген тосын-сый болды. Себебі тойдың алдында мен жүргізушіні, барлығын өзім дайындадым. Бағдарламамен толық таныстырып, ешқандай тосын-сый болмасын дедім. «Жарайды, Бәке» деп келісті. Өзім тойдың бағдарламасымен толық таныспын. Емін-еркін отырғанмын. Бір кезде тойды жүргізген Бағдат деген досым бізді сахна төріне шақырды. Мен аң-таңмын. Ішімнен досыма ұрсып тұрмын. Сол кезде Альбинаның осы әнін естіген кезде қатты таңғалдым. Қалай қабылдайтынымды білмедім. Бір сәтте аяқ астынан жерді жоғалтып алғандай болдым», – дейді Бауыржан Сатов.

Аталған ән аз ғана уақыттың ішінде хитке айналып, үлкен сұранысқа ие болды. Тіпті, кей бұрымдылар Альбинаның ісін қайталап, «Жүрегімнің иесі» туындысын өз тойларында орындап жүр екен. Десе де, Альбина мұндай жайтты күтпегенін айтады.

«Олай болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ қазір барлығы осы әнге махаббат вальсін билеп жатыр екен, күнде қарап отырамын», – дейді Шардарова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары