$ 448.89  477.93  4.76

«Әрі қарай өзі білсін»: Айқын Төлепберген балаларына 16 жасқа дейін ғана ақша беретінін айтты

Эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген бүгінде 2 отбасының асыраушысы. Бірінші келіншегі, 2 ұлының анасын тұрмысқа шығармай отырған ол, қазір «КешYou» тобының экс солисі Жұлдыз Өмірғалимен бірге тұрып жатыр. 3 баланың әкесі 16 жасқа дейін әр қайсысының жағдайын жасап, ұлдарын ешкімнен кем қылмай өсіретінін айтады.

Айқын Төлепберген 16 жастан соң ата-анасына алақан жайып, ақша сұрамапты. Отбасында көрген тәрбиесін әнші балаларына да дарытуды мақсат еткен.

«Бала тәрбиесіне күштімін деп айта алмаймын. Бірақ көңіл бөлуге тырысамын. Қыдыртамын. Жігітке қатал болу керек. 16 жасқа дейінгі шығындарының бәрін көтеремін. Әрі қарай өздері білсін», − дейді ол «Астана» телеарнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.

Еске сала кетейік, Айқын Төлепберген бұған дейін Википедияда өзін «әйел» деп көрсетіп қойғанын айтып, жұрттан көмек сұраған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары