$ 498.34  519.72  4.85

«Ол өзін таппай жүрген адам»: Меруерт Түсіпбаева Жадоға қатысты пікірін айтты

Былтырдан бері әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадо журналистерге бір-бірін ғайбаттап, бірнеше рет сұхбат берген. Олардың бұл қылығын қара пиар дегендер көп. Десе де екеудің ісі сотқа дейін кетіп, соңында өнер жұлдыздары татуласып тынған. Сонда да Түсіпбаева ханым Жадоны жақтырмайтынын айтуды әлі тоқтата алмай келеді.

Меруерт Түсіпбаева Жадоның өнердегі жолын үздіксіз бақылап жүрген боп шықты.

«Ол өзін таппай жүрген адам. Басында тап-тамаша биші болатын. Одан кейін дипломы жоқ дизайнер болды. Кейін продюсер болды. Топтары қайда кеткенін білмеймін. Әнші болса таң қалмаймын», − дейді Түсіпбаева 31-арнаның «Айта берсін» бағдарламасында.

Еске сала кетейік, былтыр дизайнер Жадо намысына тиетін сөздер айтқан Меруерт Түсіпбаеваны сотқа беріп, одан 20 млн теңге көлемінде өтемақы талап еткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары