$ 494.87  520.65  4.91

«Заман сондай»: Әли Оқапов анасының пікіріне қарсы шықты

Әли Оқапов анасының сөзін екі етпегенімен, кейде ана мен баланың ойы әрдайым бір жерден шықпайды. Мәселен, Роза Рымбаева той әндеріне түбегейлі қарсы болса, Әли Оқапов той арқылы табыс тауып отырған әріптестерін қолдайды деп жазады Stan.kz.

Халық артисі той әндеріне жаны құмар әріптестерін түсінбейді. Роза Қуанышқызының айтуынша, елімізде арнайы көркемдік кеңес құрылып, сахна саңлақтарын сұрыптауы тиіс.

«Қазіргі әншілердің барлығы, ең бірінші тойға жазады әнді. Сол әнмен сахнаға шығады білмеймін неге екенін. Тойдың әні – тойдың әні болып қалуы керек. Сахнаның әні басқаша болу керек. Өзім солай деп ойлаймын», – дейді Рымбаева НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Әли анасын қолдамайды. Оқапов әрдайым сапалы музыканы жақтағанымен, тойға шығатын әріптестерін де қолдайды. Себебі:

«Біріншіден сол табыс қой. Заман осындай. Табыс көзі дегеніміз – ол біздің нанымыз! Көп әншілердің бала-шағасы бар, оны асырау керек дегендей», – дейді Әли.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары