Мәдениет & Шоубиз 01.12.2018 сағат 10:49

«Тұншығып жаттым»: Тамара Асар 1 желтоқсанды ауыр күрсініп еске алды

Бүгін 1 желтоқсан. ҚР Тұңғыш президенті күні. Алайда бұл күн танымал өнер жұлдызы Тамара Асар үшін қорқынышқа толы естеліктерімен есте қалған күн. Бұл туралы әнші өзінің Instgaram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Тұншығып жаттым»: Тамара Асар 1 желтоқсанды ауыр күрсініп еске алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«1998 жыл. 1 желтоқсан. Таңда, түс көріп ояндым, түсімде бір туфлиім жоғалып, оны ағаштан жонып отыр екенмін. Киіп қарап, билеп көріп, әлі жонып отырмын… Бастырылып, тұншығып жатырмын, оянып кетсем түсім. Атып тұрып терезеге үңілдім, жапалақтап қар жауып тұр», – деп осыдан 20 жыл бұрынғы оқиғасын еске алған әнші дәл сол күні отбасымен бірге жол апатына ұшырағанын айтты.

Тамара Асар сол күнгі оқиғада бір аяғынан айрылыпты.

«Тылсым дүниенің тұңғиығына сүңгіп, он сегіз мың ғаламдағы жыбырлаған тіршіліктің әр молекуласының қадірін 1 желтоқсан түсіндірді маған. Бұл менің екінші туған күнім», – деп жазған әнші 1 желтоқсанды жыл сайын ауыр күрсініспен қарсы алып, иіс шығарады екен.

Қыс мезгілі келгенде бойын қорқыныш билеп, алабөтен күй кешетін Тамара Асар сөз соңында қазақ елін мерекемен құттықтады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар