$ 498.34  519.72  4.85

Роза Әлқожа өзін толық дейтіндерге жауап берді

Эстрада әншісі Роза Әлқожа «Неге дене бітіміңізді қалыпқа келтірмейсіз?» деп өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берді. Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазған жазбасында ол салмақ тастаудың әдіс-тәсілдерін енді қолдана бастағанын айтады. 

Әнші бүгінге дейін бала тәрбиесі мен жұмысты қатар алып жүремін  деп өзіне көңіл бөле алмағынын айтады.

«Маған көбіне «арықта» деген пікірлер жазылады. Бойым 1 метр 61 сантиметр болғандықтан салмағым да соған сәйкес болуы керек негізі. Жақында бір журналист сұхбат алды. Төрт сұрағы толықтыққа байланысты екен. Күлдім де жауап бердім.

Соңғы он бес күнде 8 келі салмақ тастадым. Алда тағы біраз салмақ тастау ойда бар. Кем дегенде тағы 7 келі. Бұған дейін 75 келі салмақтан төмен тастай алмай жүрдім. 

Енді көреміз. Алда нәтиже болу үшін де арнайы жазып отырмын. Жеңісті бірге көреміз! Жалмауыз да бір кездері қыз болған», - деп жазған әнші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары