$ 447.4  477.55  4.76

The World's Best: Димаш Құдайберген бірінші орынға шықты

The World's Best байқауының қазылар алқасын таңғалдырған қазақстандық әнші финалдық кезең алдындағы шоу лидерлерінің кестесін жариялады деп жазады Sputniknews.kz.

"The World's Best шоуының финал алды нәтижелері. Біз бірінші орындамыз. Өнерімді, барлық жеңісімді қымбатты көрермендеріме және қазақ халқыма арнаймын", - деп жазды жас қазақстандық әнші Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстанның тағы бір өкілі Данэлия Төлешованың да жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Алдыңғы кезеңдердің қорытындысы бойынша ол бесінші орында тұр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде The World's Best шоуының келесі кезеңінің аңдатпасы жарияланған болатын. Онда жоба жүргізушісі Джеймс Корден Димаштың мәлімдеме жасағалы тұрғанын қазылар алқасына жеткізеді. Бағдарламаға келгендердің бәрі ауыздарын ашып қалады да, әділ қазылардың бірі Ру Пол: "Сен қайда келгеніңді білдің емес пе!", - дейді.

Осыдан кейін әншінің тыңдармандары Димаш жобадан өз еркімен кетуге шешім қабылдаған болуы мүмкін деген болжам жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары