$ 494.87  520.65  4.91

«Мәңгі есімізде»: Қарағанды музыкалық комедия театры жаңа жоба бастады

Наурыз айынан бастап Қарағанды музыкалық комедия театрында «Мәңгі есімізде» жобасы қолға алына бастады.

Бірнеше жылға арналған жоба айына бір рет бейсенбі күні өткізіліп отырады. Идея авторы – театрдың көркемдік жетекшісі Амантай Ыбыраев.

Театрдың әдеби бөлім жетекшісі Наталья Морозова бұл жобаның бұдан 3 жыл бұрын «Сіздерге жанымның жарығын тарту етемін» деп аталғанын айтады.

«Жоба аясында труппа әртістері жайлы арнайы кештер ұйымдастырылды. Шараның «Мәңгі есімізде» деп аталатын екінші бағыты аясында өнер ордасы ашылған кезден еңбек еткен және көрермен жадында қалған артістер жайлы сыр шертіледі. Бұл театр тарихы. Бұған дейін еңбек еткен және бүгін де өнер көрсетіп жүрген адамдарды көпшілікке насихаттау басты мақсатымыз», – дейді Морозова.

Айта кетейік, бұған дейін 4 наурыз күні театрдың қызыл залында ҚазКСР еңбек сіңірген артисі Иван Труновты еске алуға арналған «театрландырылған бейсенбі» өтті. Көрермен шараны тегін тамашалай алды.

Еске сала кетейік, Иван Трунов И.Штраустың «Венские встречи» қойылымындағы Шпехттың, Р.Гаджиевтің «Не прячь улыбку» қойылымындағы Бубаның, И.Кальманның «Фиалка Монмартрасындағы» Марсельдің рөлдерімен қарағандылық көрермен есінде қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары