$ 448.56  478.03  4.79

«Жас өнерпаздар Моцарт пен Селин Диондай болсын»: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне алғысын айтты

Танымал әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауында өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Қолдау білдіргендеріңіз үшін барлықтарыңызға шын жүректен алғысымды айтқым келеді. Байқаудың финалынан бас тартқаныма қарамастан, телекөрермендер арасында бірінші орыннан көрініп отырмын - оның бәрі де сіздердің арқаларыңызда болып жатыр. Мен үшін дауыс бергендердің бәрінің алдында басымды иемін. Өзімнің ірілі де ұсақ жеңісімнің бәрін де жанкүйерлеріме арнаймын. Шоудың  Лидиан Недашварам мен Данэлия Төлешова секілді жас өнерпаздары Моцарт пен Селин Диондай әйгілі болсын. Мен оларды жеңісімен құттықтаймын!», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауында жас өнерпаздарға жол беру үшін шоудан кететінін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары