$ 443.85  474.3  4.8

«Өзім де байқамаппын»: Мәдина Сәдуақасова «тізесі жоқ» фотосын түсіндірді

Мәдина Сәдуақасова желіге мына бір суретті жүктеген сәтте оқырмандары оны сын астына алды. Көпшілік фотодағы жасандылықты анық байқаған. Сөзіне қарағанда, фотошопты артығымен қолданып жіберген әншінің өзі емес, фотосессияны жасаған фотограф. 

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды. 

Аңғарымпаз оқырмандар фотода Мәдинаның тізесі жоқ болып кеткенін байқаған. 

«Өзім отырып алып, фотошоп жасамаймын. Бірақ енді фотографтар өздері дайындап береді. Мен негізі өзім де байқамаппын сол кезде. Көрермендер, оқырмандар өздері байқап, неше түрлі жазды. Ол енді фотографтың аса бір кірісіп кеткен қателігі деп ойлаймын», - дейді Мәдина.

Алғашқыда олқылықты аңғармаған Мәдина, өзі сенім артқан фотографқа бірден қоңырау шалады. Алайда, ағаттық жіберген жігіт тұтқаны көтермепті.

«Ол фотографқа мен 10 рет хабарласқан шығармын. Ол жауап бермейді. Білмеймін неге екенін... Өзімнің аяғымды орнына қойып, тізем қайда? Тіземді қоя сал, халық көріп жатыр, байқап жатыр дегендей қылып айтқым келді. Бірақ білмеймін неге жауап бермейтінін», - дейді Мәдина.

Мәдина өзімді бар қалпымда көрсетуден ұялмаймын дейді. Жұрт алдында ыңғайсыз жағдайға қалған әншінің ендігі фотографтарға қояр талабы күшейген. 

«Мен негізі өзімді қандаймын, солай көрсетуге қиналмаймын, ұялмаймын. Бірақ қатты өзгертіп тастағаны маған ұнамайды, мүлдем басқа адамға ұқсатып!», - дейді Сәдуақасова.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары