$ 494.87  520.65  4.91

«600-700 мың теңге керек»: Мақпал Жүнісова киім тіктіруге ақшасы болмаған соң тойда ән салатынын айтты

Марқұм, белгілі оппозиционер Заманбек Нұрқаділовтің жесірі эстрада әншісі Мақпал Жүнісованың не үшін тойға шығатыны белгілі болды. Өнер иесінің айлық шығыны 600-700 мың теңгені құрайды екен. Осы соманы табу үшін әнші халықтың дастарханына барып, ән шырқауға мәжбүр көрінеді. 

Жүнісова көпшіліктің өзін миллионер деп ойлайтынына таң. 

«Бірақ, ол олай емес. Неге онда мен тойларға барамын? Біріншіден – костюм тіккізу үшін, үкімет тікпейді бізге. Көлігіме жанармайды кім құйып береді? Бұл – екі. Ай сайынғы пәтерлерімнің төлемі бар. Екі үйім бар. Қыс кезінде газ бен суға жоқ дегенде 130-140 мың болып келеді. 

Шопырыма 100 мың, күзетшіге 100 мың төлеймін. Сонда айына маған 600-700 мың теңге былай керек болып тұр», –  дейді әнші «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында. 

Сондай-ақ  жақында ғана жеке ән кешін өткізген Жүнісова концертте өнер көрсеткен Құманғазы оркестріне 6 мың доллар гонорар төлегенін де айтты. Бұны да ол тойға шығып тапқан ақшасынан берген. 

Айта кетейік, бүгінде Мақпал Жүнісова Мерей Заманбек есімді қыз баланы жалғыз өзі тәрибелеп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары