Мәдениет & Шоубиз 15.07.2014 сағат 10:05

Электронды қазақ үй үлкен cұранысқа ие болды

Бесік жырын айта алмайтын келіндерге, ертегі білмейтін әжелерге арналып жаңа тәрбие құралы «электронды қазақ үй» жарыққа шыққан еді, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Киелі қазақ үйдің кішірейтілген нұсқасына бесік жырынан бастап, ертегілер, балалар әндері, халық композиторларының ән-күйлері және Абайдың 45 қара сөзі енгізілген. Бай рухани мұрамызды бүгінгі және келешек ұрпаққа жалғайтын дәстүрлі үлгідегі заманауи электронды құрал әрбір отбасында болса, жоба авторының арманы орындалғаны.

Аймақтық порталдың мәліметіне жүгінсек, төрт негізгі бөлімнен тұратын электронды қазақ үйдің бірінші бөлімі-ертегілерге арналған. 150 ертегіні танымал актер Айдос Бектемір мен әйгілі диктор Сауық Жақан оқыған. Әженің мейрімді үнімен, атаның өсиетін болашағының бойына сіңіріп өсіремін деген әрбір жан үшін, бұл қазақ үй таптырмас құрал. Мұны жобаның салтанатты түрде таныстырылуына жиналғандар бірден мойындады.

— Алақандай болса да, бойына еліміздің барлық құндылықтарын жинапты. Мен таңқалып отырмын. Немерелерге барлық ертегіні жаттап айтып беру мүмкін емес қой, сондықтан ең бірінші өзімізге керек дүние екен. Жоғалтқанымды тапқандай, қуанып отырмын, — дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова.

Киіз үйдің екінші бөлімінде кең көлемде жинақталған 167 балалар әні бар. Күйлер үшінші бөлімге жинақталса, дүстүрлі әндер мен Абайдың 45 қара сөзі төртінші бөлімнің топтамасында. Сондай-ақ, радио тыңдап, өзіңіздің таңдаған әндеріңізді қосып ести аласыз. Ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелейтін өнім паттентелген, авторлық құқығы қорғалған. Елбасының оң бағасына да ие болып үлгеріпті. Тіл комитетінің сараптауынан сүрінбей өтіп, сан алуан мазмұнымен әрі ұлттық нақышта безендіріліуінің арқасында құнды дүниелердің санатына кіргізілген. Сондықтан болар, бағасы да әжептеуір. Он мың теңге.

— Жаңадан жарыққа шыққан кезде саны аз болады, сондықтан бағасы да қымбат болып тұр. Келешекте мемлекеттік тапсырыстар көбейіп, сұраныстар артса, бағаны түсіреміз деген ой бар. Сондай-ақ, көпбалалалы отбасына әлеуметтік көмек ретінде береміз,алқалы аналарға сыйға береміз деген ойымызда бар. Ал әзірге осы бағада босатылып жатыр. Сапасына кепіл береміз, — деді жобаның жауапты редакторы Жарқын Сәленұлы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар