Мәдениет & Шоубиз 24.05.2019 сағат 16:55  516

Достық үйінде «Түркі әлемі: Күлтегін жыры – Ұлы дала дастаны» атты конференция өтті

Қазылардың қорытындысы бойынша, Нұрай Ғазиз, Елизавета Седышева, Әлібек Бимендиндер үздік деп танылды.
Достық үйінде «Түркі әлемі: Күлтегін жыры – Ұлы дала дастаны» атты  конференция өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени- ағартушылық жобасы аясында  «Түркі әлемі: Күлтегін жыры – Ұлы дала дастаны» атты ғылыми-шығармашылық конкурс – конференция өтті. Конференцияның мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім үлгісін насихаттау, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру.

Шараға ЖОО оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттері, облыстық Ассамблеяның, ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, ғалымдар, сарапшылар қатысты. Үш кезең бойынша өткен ауқымды шара жыршы Әлібек Бимендиннің орындауындағы Қадыр Мырза Әлінің аударған "Күлтегін" жырымен ашылды. «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылатынын, шараның маңыздылығын түсіндірген белгілі ақын, филолог, модератор Айтбай Жұмағұл Нұр-Сұлтан қаласынан келген тарих ғылымдарының докторы, профессор, Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты Сатай Сыздықовқа сөз кезегін ұсынды. Сатай Мақсұтұлы "Мәңгілік елдің мұрагері" атты баяндамасында ежелгі дәуір әдебиеті, көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту арқылы өз мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың тамыры тереңде екенін, елдік дәстүріміз бен рухани бітіміміздің бастауы берік екенін тілге тиек етті.

Стамбулдың Мимар Синан оқу орнының докторанты Жантегін Қаржаубай өз сөзінде "Күлтегін – түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі. Оның тұлғасында түркілерге тән ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінез бар. «Сондай батырым болса» деген ел арманы Күлтегін ерліктерін сипаттау арқылы берілген. «Күлтегін» қазақ батырлар жырына жақын үлгілердің бірі",- деді.

Бұдан соң филолог, ҚарМУ оқытушысы Жандос Смағұл қазақ халқының дәстүрлеріне қатысты мысал келтіре отырып, ұлттық рухани мұра хақында тағылымды баяндама жасады. Таста қалған тарихы бар мыңжылдық жәдігер жайлы "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсахан Бейсенбекованың, облыстық ғылыми мұрағат басшысы Темірғали Темиргали Аршабековтың, ҚарМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мархаба Тұрсынованың айтқандары жас ғалымдарға өте пайдалы мағлұмат берді. Бұдан соң, жас ғалымдар дайындаған еңбектерін қазылар алдында қорғады.

Шара өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде Күлтегін жырларын мәнерлеп оқуымен және Күлтегін жырларын ұлттық және басқа да музыкалық аспап түрлерінде сүйемелдеумен жалғасты. 53 шумақтан тұратын Күлтегін жырының әр бөлімін оқыған қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде екен. Әсіресе, қазақ тілінде жыр шумақтарын оқыған этностар сүйсіндіріп, қошеметке ие болды.

Қазылардың қорытындысы бойынша, Нұрай Ғазиз, Елизавета Седышева, Әлібек Бимендиндер үздік деп танылды. Басқа қатысушылар жүлделі екінші және үшінші орындарды бөлісіп, ақшалай сертификаттарға ие болды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар