Мәдениет & Шоубиз 31.05.2019 сағат 11:35

«Это любовь»: Микелла Абрамова Ержан Максиммен дауысы керемет үйлесім табатынын айтады (ВИДЕО)

Қалың көпшілік «Голос. Дети» жобасындағы дауыс беру барысын сынап жатқанда, Микелла мен Ержан «Это любовь» әнін жазып шыққан.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атышулы «Голос. Дети» жобасының финалистері Максим Ержанов пен Микелла Абрамова жаңа «Это любовь» әнін бірге орындап, көрерменін қуантты, деп хабарлайды SN.kz тілшісі.
 
Қырымдағы «Артек» лагерінде басталған «Детская Новая волна» фестивалінде салған әндері инстаграм желілерінде кеңінен тарап кетті.

Қалың көпшілік «Голос. Дети» жобасындағы дауыс беру барысын сынап жатқанда, Микелла мен Ержан «Это любовь» әнін жазып жатқан болып шықты.

Бір қызығы, kp.ru сайтының хабарлауынша, халық қырық пышақ болып жатқанда, өнерлі балалардың өздері ғана емес, аналары да достасып кеткенге ұқсайды. Ержанның анасы Гүлмира да, Микелланың анасы Алсу да балаларын қолдап сахнаның артында тұрды. 

Алсу тіпті екеуіне де сахнаға шығар алдында кәсіби кеңесін берген. 

«Ержанмен жақсы доспын. Балалар байқауындағы өзгелермен де араласып тұрамыз. Ержан екеуіміздің дауысымыз керемет үйлеседі, сондықтан дуэт орындаймыз деп шештік», - дейді Микелла. 

Микелла әншілік өнермен айналысқысы келетінін жасырмады. 

«Өзімді музыканың түрлі бағыттарында сынап жүрмін. Анам сияқты әнші болғым келеді», - деді Микелла тілшілерге берген сұхбатында. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар