$ 448.15  483.46  4.86

«Cу шашып жібергім келеді»: Қайрат Нұртас жағымсыз пікір жазатындар жайлы айтты

«Жаман пікір жазатындарға кейде осылай су шашып жібергім келеді десең», – деп жазды Қайрат Нұртас.

Эстрада әншісі Қайрат Нұртас Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жағымсыз пікір жазатындар жайлы жазба қалдырды. Өнер жұлдызы ондай жандарға су шашып жібергісі келетінін жеткізді. 

«Жаман пікір жазатындарға кейде осылай су шашып жібергім келеді десең. Әсіресе мен туралы «масқара, сұмдық» деп бастайтындар. Дос болып өмір сүрейік», – деп жазды Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, Дубайда демалып жүрген Қайрат Нұртас бұған дейін «Азия» мен «Бақай» тобының жігіттері орындаған «Атың өшкір кредит» әнінің мағынасыз екенін тікелей эфирде айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары