$ 448.89  477.93  4.76

Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді

Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Саябақтың жаңа атауы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Аталған саябақ 1979 жылы Асанбай Асқаровтың бастауымен құрылған. Жаңа атауы Әділет департаментінде 28 мамыр күні тіркелген дендропарктің қасбетіндегі жазуы да ауыстырылмақ.

«Қала әкімі дендросаябаққа жаңа атау беруді бекіткен соң, тиісті жұмыстар басталды. Аталмыш мақсатқа 1,5-2 ай көлемінде қаржы бөлінетін болады» дейді А.Асқаров атындағы дендросаябақ директоры Бейбіт Мошқалов.

Еске салайық, дендросаябаққа облыстық партия комитеті бірінші хатшысының есімін беру жөнінде алғаш рет қалалық мәслихаттың 2016 жылдың 22 желтоқсанындағы кезектен тыс сессиясында айтылған-ды. Сол уақытта депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берген.  

Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов «Дендросаябағымызға Асанбай Асқаровтың атын беруді баршаңыз мақұлдағандарыңызға қуаныштымын. Ол ұлы адам, шынында да, бір кездері шаһардың өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірді. Соның тапсырмасы негізінде ескі қоқыс полигоны орнында қазіргі дендросаябақ пайда болды» деген болатын.    

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары