Димаш пен Ержан Максим «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығы» кешінің қадірлі қонағы болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Арнайы қонақ ретінде шақырылып, ең бірінші болып қызыл кілеммен жүріп өткен Димаш кештің шымылдығын ашты.
Кеште Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен "Любовь уставших лебедей" әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына, қошеметіне бөленді.
Әннен кейін көрермендермен қазақша амандаса отырып, орыс халқына қазақ елінен үлкен сәлем жолдады.
Содан кейін "Mademoiselle Hyde" әнін жоғары деңгейде орындап, кешке керемет сый жасады.
"Голос.Дети" байқауының алтыншы маусымының жеңімпазы Ержан Максим де қызыл кілеммен жүріп өтіп, ағылшын тіліндегі "All by myself" әнін көпшілікке тарту етті.