$ 447.4  477.55  4.76

Хайп қуған Байзақова енді әнші: «Менен саған не керек?» (ВИДЕО)

Айжан Байзақова алғашқы әнін көпшілік назарына ұсынды.

Айжан Байзақова алғашқы әнін көпшілік назарына ұсынды. 3 минуттық туындысын блогер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады.

«Bayzakova –  СТНОМ (Менен саған не керек?). Жүктеп алсаңыздар болады», –  деп жазды ол.

Ән көптің көңілінен шығып, осы бағытта жалғастырғанын қалайтындар саны арта түсті. Блогердің ән әлеміндегі алғашқы қадамын желі қолданушылары әзірге жақсы қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, Айжан Байзақова бұған дейін қалыңдық көйлегімен ресми неке қию рәсімін өткізген болатын. Кейін тойдың өтірік екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары