Бүркіттің қарындасы оғаш қылығымен тағы да елдің ашуына тиді. Бұрын да жалаңаштанған суреттері үшін сөзге қалған ол осы жолы темекі шеккені үшін жұртқа жақпай қалды.
Әсел Асқар өзінің Instagram парақшасына жауапсыз махаббат пен сатқындық тақырыбында өлең оқыған видеосын жариялады. Оқырмандары Әселдің бұл өнеріне сүйсінгенімен, бейнежазбадағы образы көпшіліктің көңілінен шықпады.
Онда Бүркіттің қарындасының шылым шегіп, жартылай жалаңаштанғанын аңғаруға болады. Жалғызбасты ана мәртебесіні лайықсыз іс көрсетіп жүргені көптің ашуына тиді.
«Қазақ қызына тән емес стиль. Омырауы ашық, қолда темекі, Жиіркенішті», «Не болып кеткенсің, басында адам сияқты өлең оқитын едің, енді жалаңаштанып», «Неге үнемі қапалысыз, бақытты болу керек қиялдамай», «Өлең оқи бермей, күйеуге шық», «Қарапайымдылығыңызды жоғалттыңыз. Барған сайын ашық-шашық. енді темекіге көшіпсіз», - деп жазды желі қолданушылары.