– Құндылығы кеміп бара жатқан достық, махаббатты қайта жаңғырту мақсатында шығыстың шайыры Низамидің дастанын сахналап отырмыз. Қуыршақ театры алғаш рет драманың заңдылығын, этикасын сақтай отырып, үлкен қойылымға бет алды, - деді «Ләлі-Мәжнүн» дастаны бойынша сахналық нұсқа авторы, қоюшы режиссер Самат Алтаев.
Театр директоры Бахтияр Спанов театр тарихындағы қолға алынған жаңа бастамаға тоқталды. – Осы уақытқа дейін балалар қойылымдары сахналанып, жасөспірімдерге қатысты тақырыптар қалып қойған еді. Ұлтымызды, әлемнің жауһар байлықтарын қойылымдар арқылы жеткізіп, олардың мәдениетімізге деген көзқарасын өзгертуге бетбұрыс жасадық. Қазір кадр мәселесі өзекті, - деді ол.
Шығыс дастанындағы ғашықтар бейнесін М.Әуезов атындағы ОҚМУ өнер факультетінің студенттері Анель Жұмабай (Ләйлі), Ақберді Мұсақұлов (Мәжнүн) сомдайды. Ал премьераны 18-19-20 маусым күндері сағат 11:00 және 18:00 тамашалауға болады.
«SN.kz» - ақпарат»