24.06.2019, 11:30

Төреғали Төреәлі табиғи дауыста ән айта алмады (ВИДЕО)

Бірақ әнші микрофонның дауысын әдейілеп бұзған дейді.

Төреғали Төреәлі бұл жолы табиғи дауыстағы концертте ән айта алмады, деп хабарлайды «НТК» арнасындағы REVUE NEWS.

Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнін симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде орындаған Төреғали тональносттен ауытқып, ыңғайсыз жағдайға қалды. Бірақ әнші микрофонның дауысын әдейілеп бұзған дейді.

«Жанды дауыспен айтқан кезде, жазылып жатқан микрофонның дауысын алып, әдейі бұзуға болады. Ондайды өз көзіммен көргенмін. Күнде айтып жүрген әніңді түк айта алмайтын қылып жасап қояды. Күннің көзін қолымен ешкім жаба алмайды ғой», - деді Төреғали. 

Оның айтуынша, әншінің дауысына көңіл күйі де әсер етеді екен. 

Айта кетейік, бағдарламаның бұл шығарылымында Роза Рымбаева да пікір білдірген. Ол табиғи дауыста ән айтқанда ешнәрсе кедергі болмайтынын айтты. 

Сондай-ақ, әнші Ғалымжан Молданазар да өз ойымен бөлісті. Оның ойынша, табиғи дауыста ән айтпайтын әншілер сахнаға шықпауы керек.