$ 443.85  474.3  4.8

Эстрада жұлдыздары Арыстағы жағдайға байланысты бейне клип шығарды (ВИДЕО)

Арыс тұрғындарына арналған бұл туындыны Нұрболат Абдуллин, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова және тағы басқа әншілер орындаған.

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Арыс тұрғындарына арнап ән шығарды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаев Instagram-парақшасында жазды. 

«Мәдениет және спорт министрілігінің ұсынымен талантты композитор Ринат Гайсин және айтыскер ақын Данияр Алдабергенов Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз!» әнін жарыққа шығарып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» РТРК» АҚ бейне клип түсіріп, арыстықтардың басындағы қиын-қыстау сәт бей-жай қалдырмағанын жеткізді. Расында да, Мәдениет және спорт министрлігі мен өнер майталмандары аталған жағдайға жандары күйзеліп, барынша демеу беріп, қолдау көрсетуге тырысуда. Арыс, біз біргеміз! Әрқашан біргеміз!», - деді Айдар Қырықбаев. 

Арыс тұрғындарына арналған бұл туындыны Нұрболат Абдуллин, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова және тағы басқа әншілер орындаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары