Ерсі қылықтарымен танылған Айжан Байзақова Instagram-парақшасына сүйіктісімен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.
Ол аяғы ауыр кезінде ұлының әкесімен бірге түскен суретін салып, астына жазба қалдырған.
«Ұлымның әкесін көрсетуге шешім қабылдадым. Қалған суреттер InstaStories-де», - деп жазды Байзақова.
Бірақ желі қолданушылары Айжанның бұл суретіне сенбей, кезекті «хайп» деп қабылдап отыр.
«Пранктан кейін сену қиын екен», «Жылдың үздік прангі: №2», «қатты ұқсайды әкесіне», «бүкіл халықты алдауды қою керек қой», «Байзақованың егізі», - деп шуласты олар.