08.08.2019, 04:45

Димаш Құдайберген Франция мен Исландияда жаңа клип түсірмекші

Фото: Sputniknews.kz
«Франция-Исландия. Жаңа клип түсіру үшін кетіп барамыз»,- деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген Франция мен Исландияда жаңа клип түсірмекші. Бұл туралы ол өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Франция-Исландия. Жаңа клип түсіру үшін кетіп барамыз»,- деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген бұған дейін қытайдың «Go, Go Squid» сериалының саундтрегіне арналған клипін көрсеткен болатын.