11.10.2019, 16:00

Денис Теннің сценарийі бойынша Бекмамбетов түсірген фильмнің тизері пайда болды (ВИДЕО)

"Соқыр махаббат" - қыз бен жігіттің қарым-қатынасы туралы оқиға. Фильм Голливуд жұлдыздарының қатысуымен Голливудте түсірілді.

Денис Теннің сценарийі бойынша Тимур Бекмамбетов түсірген фильмнің тизері пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Денис Тимур Бекмамбетовтың Bazalevs студиясы ұйымдастырған байқауға қатысқан болатын.  Мәнерлеп сырғанаушының қайғылы өлімінен кейін халық әлеуметтік желіде белгілі режиссерден фильмді түсіруін сұрады. 

"Соқыр махаббат" - қыз бен жігіттің қарым-қатынасы туралы оқиға. Фильм Голливуд жұлдыздарының қатысуымен Голливудте түсірілді. 

Тұсаукесері 2020 жылға жоспарланған.

«Тимур Бекмамбетовтің фильмі дайын. Премьера келесі жылы болады. Күні әлі белгісіз. Турнирге кішкентай тизер көрсетіледі», - деді Денистің анасы Оксана Тен.

Фильм желісі коммерциялық өнім ретінде емес, Денис Теннің құрметіне түсірілген. Сондықтан кино шығаруға ат салысқандар Денис Теннің түпнұсқалық сценарийін мүмкіндігінше сақтауға тырысты. 

«Денис біздің BAZELEVS студиясында өткізілген байқауда жеңіске жетті. Оның жұмысы қызықты болды, оны сұхбаттасуға шақырдық. Маған жұмыстың өзі ғана емес, сонымен қатар адам ретінде, оның ашықтығы, шынайылығы және одан келген энергия әсер етті. Біз Дениспен кездесіп, фильмнің қашан шығатынын талқылаған болатынбыз», - деді Бекмамбетов.