$ 449.3  489.69  4.89

Танымал ақын Саят Әбенов науқас ұлы мен әйелін тастап кеткен бе? (ВИДЕО)

Жалпақ жұрттың ыстық ықыласына бөленген торғайлық айтыскер бұрынғы әйелінен һәм баласынан неге қашып жүр?
фото: vk.com
фото: vk.com

Торғайлық ақын Саят Әбенов науқас ұлы мен әйелін тастап кеткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, журналист Дина Төлепбергеннің instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Талай хит әндердің сөзін жазған ақын Саят Әбеновтің өз баласынан бас тартқаны рас па?
Жалпақ жұрттың ыстық ықыласына бөленген торғайлық айтыскер бұрынғы әйелінен һәм баласынан неге қашып жүр?

10 жастағы баланың еміне қыруар қаржы қажет. Ал ақын айына небәрі 20 мың теңге алимент төлейді. Неге бұлай? Жұлдыз табысын жасырды ма, әлде, алимент төлеуі тиіс балалары көп пе?» деп жазды Дина Төлепберген instagram парақшасында.

Тележүргізуші ақынның отбасына қатысты осындай тың мәліметті желіге жүктегені сол еді, әлеуметтік желі белсенділері жарыса пікірлерін жаза жөнелді. 

Мәселен, бірі «ақ-қарасын ажыратпай жатып, адамды кінәлаудың қажеті жоқ» десе, енді бірі сөз маржанын тізген ақыннан мұндай сорақылықты күтпегенін жеткізген.

«Кінә ешқашан бір адамнан болмайды. Саятты енді іздеп, даулап жатыр ма? Осыған дейін қайда болды? Не істеп жүрді? Саят кішкене көтеріліп, жолы болып, бағы жанып жатқан кезде бұл әйел есі кіріп, пайда болып, осылай сайрап отқаны қалай? Ээхх, өмір ақша үшін не істетпейді десеңші! Дауласып, жылап, бүкіл елге шығып, осылай көзіңнің жасын сыққаннан кімге пайда? Одан да балаңа көңіл бөл!», «Мен бұл әйелге сенбеймін. Баланың әкесі осы САЯТ болса, қалай ғана тастап кетіп қалып, тұрмыс құрады? Түсінбедім», «Әйелі өтірік істеп отыр. Егер баласы ауру болса, басқа байға тиіп несі бар?», «Бұлардан бәрін күтуге болады! Елге ақыл айтып, елім деп жыр жазғанда Саятты бір керемет адам деп ойлайтынмын», «Кедей кезінде кетіп қалып, танымал кезінде пайда болуда. Ақша не істетпейді», «10 жыл бойы ай қарадың ба, қой бақтың ба? Шын болса, осы уақытқа дейін быт-шытын шығарып, давно жасайтынын жасар еді. Не ойлағаны бар екен бұл айелдің?», - деп жазды instagram желісін қолданушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары