$ 478.58  520.84  5.44

Жезөкшелер мен мүгедектерге шүйліккен Жан Ахмадиевтің шашы түсіп қалды

Таз бас болып қалмаудың алдын алып жүр екен.

Белгілі рэпер Жан Ахмадиевтің осыдан бірнеше жыл бұрын шашы селдіреп түсе бастапты. Оның себебін рэпер денсаулығының сыр беріп жүргенімен түсіндіреді. Бұл жайында Жан Stan.kz-ке берген сұхбатында айтты. 

Жанның осыдан бір жыл бұрын ауыр дерттен анасы қайтыс болған. Осы жағдай өнер адамына аса ауыр тиді. Қатты күйзеліске ұшыраған атышулы рэпердің денсаулығы сыр беріп, тіпті, басындағы төбе шашы толықтай түсе бастапты.  

«Шашым бәрі түсіп қалған. Көп уайымдадым және мұңайдым. Содан төбесі түсіп қалды. Мәселе, әншілікпен ғана байланысты емес негізі, шашсыз жүрген де ыңғайсыз ғой. Басыңда шаш жоқ, таз! - деген сөздің өзі ыңғайсыз»,- дейді атышулы Жан Ахмадиев.   

Сахнада ән айтып, үнемі халық алдында жүргендіктен, «таз бас» болып көрініп, елді шошытпайын деген атышулы Ахмадиев шашын қалпына келтіру мақсатында ем-дом қабылдап жүр. Ол үшін рэпер корейлік мамандарға жүгінген. Мына видеода қалай ем қабылдап жатқаны анық байқалады.   

«Негізі халық сын көзбен қарайды екен. Мен бұрындары салпаңдап үйдегі киімдерді кие салып жүре беретінмін. Қазір енді көшеге шықсақ та, кез келген шараға барсақ та, әдемі киінуге тырысамын. Сол нәрсеге ауқымды ақша бөліп, киімге де қараймыз, шашқа да қараймыз. Сол себепті, арнайы орталыққа келіп ем алып жүрмін. Өйткені, шаш түсе береді екен. Өсіріп бермесе де, түсуін тоқтатып берсе екен. Плазмолифтинг деген процедураны қабылдап жатырмын. Өзіңнің қаныңды алады да, соны арнайы аппаратпен  сұйықтыққа айналдырып басыңа уколмен қайта салады. Сол арқылы жүйкені оятады», - дейді рэпер. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары